AIU
  1. БАСТЫ БЕТ
  2. \ БАКАЛАВРИАТ
  3. \ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бакалавриат

Білім беру бағдарламалары

Дәреже
Бакалавриат

Бағдарлама мақсаты

Foundation (Дайындық курсы)

Бағдарламаның мақсаты: Қытай университеттерінде білім алуға дайындық.

Оқу мерзімі: 1 оқу жылы

Оқу ақысы: 700 000 тг

Foundation бағдарламасы қытай тілін бастапқы деңгейден меңгерген немесе базалық білімдері бар студенттер үшін арнайы жасалған.

Негізгі пәндер: Қытай тілі бойынша кешенді сабақ, ежелгі поэзия мен қытай мәдениеті, оқу және жазу дағдылары.

Бағдарламаның артықшылықтары:

• Сабақтарды Бейжің тіл және мәдениет университетінің профессорлары және Astana International University оқытушылары жүргізеді.

• Халықаралық білім беру ортасында оқу.

• HSK емтиханына дайындық бағдарламаға енгізілген.

• Foundation сертификаты беріледі.

Талаптар:

• Жасы: 17-25 жас.

• Білімі туралы құжат: Аттестат немесе колледж дипломы.

Тілдік курстар бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты: Қытай тілін бастапқы деңгейден меңгеру немесе тіл деңгейін арттыру.

Оқу мерзімі: 1 оқу жылы

Оқу ақысы: 700 000 тг

Бағдарламаның артықшылықтары:

• Жас шектеулері жоқ.

• Қытай тілін меңгерудің кез келген деңгейіне қолайлы.

• Сабақтарды Бейжің Тіл және Мәдениет Университетінің профессорлары және Astana International University оқытушылары жүргізеді.

• Халықаралық білім беру ортасында оқу.

• HSK емтиханына дайындық бағдарламаға енгізілген.

Талаптар: Білімі туралы диплом немесе құжат.

Бакалавриат

3+1 екі дипломды білім беру бағдарламасы «6В01711 - Ағылшын және қытай тілдері» (оқытушы)

Оқу мерзімі: 3+1 (3 жыл Астанада, 1 жыл Бейжінде)

Оқу ақысы: 1 300 000 тг

Берілетін дәреже: 3+1 екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша «6В01711 - Ағылшын және қытай тілдері» (оқытушы) бакалавры.

Бағдарламаның мақсаты:

Қытай тілін тиімді оқыта алатын және әртүрлі білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыра алатын білім бакалаврларын дайындау. Бағдарлама қытай тілін оқыту, әдістемелік жұмыстар жүргізу үшін қажетті білім, дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастырады. Сонымен қатар, бағдарламаның мақсаты — болашақ мұғалімдердің негізгі құзыреттері мен қызметтік міндеттерін дамыту.

Екі халықаралық диплом:

1. Бейжің тіл және мәдениет университетінің дипломы.

2. Astana International University дипломы.

Бағдарламаның артықшылықтары:

• Қытай тілін оқыту әдістемесі: студенттер қытай тілін оқытудың заманауи әдістерін меңгереді, соның ішінде коммуникативті және интерактивті тәсілдер тілге деген қызығушылықты арттырып, материалды тиімді меңгеруге көмектеседі.

• Тілдік құзыреттілікті дамыту: бағдарлама қытай тілін тереңдетіп оқытуға бағытталған (фонетика, грамматика, лексика, жазу), болашақ мұғалімдерге студенттерді оқыту үшін қажетті деңгейде тілдерді еркін меңгеруге мүмкіндік береді.

• Қытай мәдениеті мен ерекшеліктерін түсіну: бағдарлама Қытайдың мәдени және әлеуметтік аспектілерін оқытуды қамтиды. Бұл болашақ мұғалімдерге сабақтарды қызықты фактілер мен мәдениетке қатысты материалдармен толықтыруға мүмкіндік береді.

• Педагогикалық дағдылар және оқу психологиясы: студенттер педагогика мен психология саласында білім алады, бұл әртүрлі жас және деңгейдегі студенттермен тиімді жұмыс істеуге көмектеседі.

• Кәсіби қызметке дайындық: бағдарлама шынайы оқыту тәжірибесін дамыту үшін тәжірибелік сабақтар мен тағылымдамаларды қамтиды.

• Оқытудағы инновациялық технологиялар: студенттер қытай тілін оқытуда мультимедиалық ресурстарды, онлайн платформаларды және интерактивті материалдарды қолдануды үйренеді.

3+1 екі дипломды білім беру бағдарламасы «6В01711 - Ағылшын және қытай тілдері» (оқытушы)

Талаптар:

1. HSK 4 сертификаты немесе BLCU Kazakhstan профессорымен сұхбат.

2. ҰБТ сертификаты. Таңдау пәндері: ағылшын тілі және дүниежүзі тарихы. Өту балы: 75.

3+1 екі дипломды білім беру бағдарламасы «6В02303 – Аударма ісі: қытай тілі»

Оқу мерзімі: 3+1 (3 жыл Астанада, 1 жыл Бейжіңде)

Оқу ақысы: 1 300 000 тг

Берілетін дәреже: 3+1 екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша «6В02303 – Аударма ісі: қытай тілі» бакалавры.

Бағдарламаның мақсаты:

Қытай тілінен кәсіби аудармашылық жұмыс жүргізе алатын мамандарды дайындау. Бағдарлама жұмысқа қажетті білім, дағдылар мен құзыреттерді, оның ішінде тілдік дайындық пен аудармашылық шеберлікті қалыптастырады.

Екі халықаралық диплом:

1. Бейжің тіл және мәдениет университетінің дипломы.

2. Astana International University дипломы.

Бағдарламаның артықшылықтары:

1. Оқыту және аударма дайындығының әдістемесі: студенттер қытай тілін оқыту мен аударманың заманауи тәсілдерін меңгереді.

2. Тілдік құзыреттілікті дамыту: қытай және ағылшын тілдерін терең меңгеру.

3. Қытай мәдениетінің контекстін түсіну: мәдени, тарихи және әлеуметтік аспектілерді зерттеу.

4. Аудармашылық және педагогикалық дағдылар: әртүрлі деңгейдегі оқыту мен аударма қызметін ұйымдастыру.

5. Кәсіби дайындық: білім беру мекемелері мен кәсіби аударма саласында тәжірибе жинақтау.

6. Оқыту мен аудармадағы цифрлық технологиялар: мультимедиалық және онлайн ресурстарды қолдану.

3+1 екі дипломды білім беру бағдарламасы «6В02303 – Аударма ісі: қытай тілі»

Талаптар:

1. HSK4 сертификаты немесе BLCU Kazakhstan профессорымен сұхбат.

2. ҰБТ сертификаты. Таңдау пәндері: ағылшын тілі және дүниежүзі тарихы. Өту балы: 55.

AIU
  • Поступающим
  • Университет
  • Обучающимся
  • Факультеты
  • Выпускникам
  • Сотрудникам
  • Двудипломные
    программы
  • Platonus

Библиотека

  • Электронный каталог
  • Scopus
  • РМЭБ
  • Web of Science
  • IPRSmart

Контакты

Казахстан, г. Астана,
проспект Кабанбай батыра, 8

WhatsApp:
+7 (747) 675-87-86

Канцелярия:
+7 (7172) 24-36-68

Email:
info@aiu.edu.kz

Реквизиты

ТОО "Международный университет
Астана"

БИН/ИИН: 180440034965

БИК: EURIKZKA

АО «Евразийский Банк»

Ректор

Мырзагалиева Анар
Базаровна

AIU University

Чат поддержки

Онлайн

AI
Айсулу

Привет! Чем могу помочь?

AI Chat может допускать ошибки. Проверяйте важную информацию.