Маркетинг
Бағдарлама мақсаты
Маркетинг саласында заманауи теориялық білімдері мен тұжырымдамалық, сондай-ақ тұтынушылардың мінез-құлқын талдау, маркетингтік стратегияларды әзірлеу, өнімдер мен қызметтерді ілгерілету, бренд пен коммуникацияларды басқару салаларында тәжірибелік дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлау, сонымен қатар жаһандық бизнес ортасында цифрлық технологияларды, зерттеу әдістері мен талдау құралдарын тиімді қолдана алатын мамандарды қалыптастыру
Бейіндік пәндер
Маркетинг, әлеуметтік желілердегі маркетинг, тауартану, бизнес-процестерді басқару, жарнамадағы арт-дизайн, жарнамалық қызметтегі типография және колористика, маркетингтегі ақпараттық технологиялар, маркетингтік зерттеулер, маркетингтік коммуникациялар, мерчандайзинг, тұтынушылардың мінез-құлқы, тауарлар мен қызметтер жарнамасы, веб-сайттар жасау, стратегиялық маркетинг, баға белгілеу, АӨК-дегі маркетинг, қызмет көрсету саласындағы маркетинг, туризмдегі маркетинг, халықаралық маркетинг, өндірістік маркетинг, маркетингтегі трафик пен аналитика, WEB-технологиялар.